Bugin

Шахта қызметкерлерінің жалақысына қатысты Дүйсенованың сөзі рас па?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Industriall-union.org

Қарағанды ​​облысындағы "Саран" кенішінің жұмысшылары нақты жалақыларын жариялады. Бұған дейін вице-премьер Тамара Дүйсенова Костенко атындағы шахтада қайтыс болған жұмысшылар 1,6 миллион теңгеге дейін жалақы алғанын айтқан болатын. Кеншілер деректі жоққа шығарып отыр. Бұл туралы bugin.kz тілшісі ekaraganda.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Кеншілер Дүйсенованың "Саран" кенішіндегі жұмысшылар 300 мыңнан 1,6 миллион теңгеге дейін табыс тапқаны туралы сөзін жоққа шығару үшін, кәсіподақ атынан да сөз сөйледі. Олардың айтуынша, шенеунік жариялаған соманың кем дегенде жартысын алу үшін ең қауіпті жағдайда жұмыс істеп, жоғары санатты шебер болу керек. Оған дәлел ретінде "Күзембаев", "Ленин", "Қазақстан" және "Саран" шахталарының жұмысшылары тіпті жалақыларының есеп-қағазын жариялаған.

"Мен Саран кенішінде 17 жылдан бері жұмыс істеймін. Жұмысқа 2006-2007 жылдары 2-ші санаттан бастап қабылдандым. Алғаш жұмыс істеген кезде жалақым 1000 доллар болды. Қазір мен сіздерге талонымды көрсетейін, дәл сол кездегідей. Тек аз ғана қосылған. Менің разрядым ең жоғары деңгей. Негізінде жалақы өсті, бірақ баға да өсіп жатыр. Жалғыз айырмашылығы, бұрын мұндай қаражатпен қалауларымды орындай алатын ем. Қазір ештеңе істей алмаймын, тек өмір сүремін. Менің жауапкершілігім ұлғайды", – дейді тау-кен механизаторы Юрий Тытык.