Bugin

11 жастағы қазақстандық баян ойнаудан әлемнің үздігі атанды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: 24.kz сюжетінен скриншот

11 жастағы қазақстандық Радмир Хайбуллин баян ойнаудан әлемнің үздігі атанды. Жас музыкант Францияда өткен "Бейбітшілік трофейі" халықаралық онлайн байқауында бірінші орын алды. Бұл туралы bugin.kz тілшісі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап  хабарлайды.

"Әлем трофейі" – әлемдегі   аккордеоншылар арасындағы беделді жарыстардың бірі. Ол 70 жылдан астам уақыт бойы әртүрлі елдерде жыл сайын өткізіліп келеді. Радмирдің айтуынша, жарыста бәсекелестік жоғары болды. Бірақ виртуоз үшін ең қиыны қашықтан қатысу болыпты.

"Байқау Францияда болды. Бейне түсірдік, мен үш шығарманы ойнадым: Иоганн Себастьян Бах – "Фуга де-маор", Марк Фрадкин – "Махаббат әні", Юрий Гаврилов – "Жылдам пойыз". Видеоға түсіру қиын болды. Өйткені мен бір рет сәл қате ойнадым. Бірінші орын аламын деп ойламадым", - деді Радмир.

Жас аккордеоншының ұстазы – халықаралық музыкалық байқаулардың лауреаты Руслан Тұраев. Ол алты жыл бұрын Семейден Астанаға көшіп келген. Радмирдің ата-анасы да ұстазсыз жас музыкантқа қиын болатынын түсініп, елордаға көшуді жөн көреді. Олар ұлдарының таңдауын қолдап, оны Қазақ ұлттық өнер университетінің жанындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатына берген.