Bugin

Болат Назарбаевтың кімнің жанына жерленгені белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Илья Ким

Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевтың жерлеу рәсімі өтті деп хабарлайды  Bugin.kz порталы kursiv.media сайтына сілтеме жасап.

Болат Назарбаевтың Шамалған ауылында жаназасы оқылып, ауылы маңындағы Шұбарат зиратында өзінің алғашқы әйелі Гүлжан Назарбаеваның жанына қойылды.

Нұрсұлтан Назарбаев бауырының қонағасына келіп, жерлеу рәсіміне қатысты. Әулет өкілдерінен бөлек, Үкімет мүшелері, облыс әкімдерімен, зейнеттегі шенеуніктер келді. Осыған орай Шамалған ауылының жолдары жабылып, Назарбаевтың үйін патрульдік полиция күзетке алды.