Bugin

Қызылорда облысында тәрбиеші баланы сабаған

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: pexels.com

Полиция қазір 41 жастағы тәрбиешіні тексеріп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz  сайтына сілтеме жасап.

Полицияның хабарлауынша, кәмелетке толмаған баланың заңды өкілі қалалық басқармаға жеке балабақшаның үстінен арыз түсірген. Онда ұлына дене жарақатын салған тәрбиешіге шара қолдану керегін айтқан.

Арыз негізінде қылмыстық іс тіркеліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

"Тәркіленген бейнежазбалар қылмыстық іске тіркелді. Сот сараптамалары тағайындалды. Сот – медициналық сараптама нәтижесі бойынша баланың "денсаулығына жеңіл зиян" келтірілген. Ал сот-габитологиялық сараптамасының қорытындысын күтіп отыр. 41 жастағы тәрбиешіге қатысты ІІО-ға келу туралы міндеттеме қабылданды", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ ҚР ҚПК-нің 200-бабына сәйкес облыстық білім басқармасына ұсыныс жолданған.