Bugin
Ақтөбеде екі қызға іздеу жарияланды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.
Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бесқұдық ауылынан шығып кеткен екі оқушы қыз кешеден бері табылмай жатыр. Полициямен қатар оларды еріктілер де іздестіріп жатыр.
Қобда ауданы Бесқұдық ауылынан шыққан 13 жастағы Диляра Қалиева мен оның апасы Назым Қалиева кешеден бері табылмай жатыр. Олар Хромтаудағы әжемізге барамыз деп кетіп қалған.
Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұловтың айтуынша, Қобда аудандық полиция бөлімінен 15, Ақтөбе облыстық полиция департаментінен 12 қызметкер мен еріктілер жұмылды.