Bugin

Астанада лифтінің темірі әйелдің басына құлады

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Orda.kz

Астанада лифтінің құлаған темірі әйелдің басына түскен. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Orda.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Елордалық полицияның хабарлауынша, жәбірленуші ауруханаға жатқызылған. Оқиға 18 қарашада Байтұрсынов көшесіндегі көпқабатты үйде болған.

Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабының 1-бөлігі "Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе өткізу, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.