Bugin

Мектеп директоры жоқ қызметкерлердің атынан айлық алып отырған

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: depositphotos.com

Атырау облысындағы мектептердің бірінің директоры жол берген заңбұзушылықтары анықталды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Orda.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Тасқала ауылында орналасқан Амандосов атындағы орта мектептің директоры "жоқ кадрларды" жұмыс істейді деп көрсетіп, алаяқтық жасаған. Туыстарын жалған жұмысқа орналастыруды ұйымдастырып, оларға жалақы беріп отырған.

Қажетті біліктілігі жоқ жұмысшыларды жұмысқа қабылдаудың төрт жағдайы анықталды. Олардың мамандандыққа сай дипломы болмаған. Бұл қызметкерлерге еңбекақы төленіп отырған.

2017 жылдың басынан 2023 жылға дейін директор алты жалған қызметкері үшін бес миллион теңгеге жуық ақша алған.