Bugin
Астанадағы мейрамханада көз жұмған Салтанат Нүкеноваға тағайындалған сот-медициналық сараптаманың нәтижесі көпшілікке жарияланады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.
"Күдікті Қуандық Бишімбаевқа қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Тергеу амалдары әлі жалғасып жатыр. Бұл іс бойынша екінші күдікті – Астанадағы "Гастро-орталық" директоры. Олар – бір-біріне туыс адамдар", – деді Е. Өтегенов елордада кәсіпкерлер мәселесін талқылауға арналған жиыннан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Қала прокуроры қайғылы оқиға болған орталықта бейнекамера жазбалары қалпына келтірілгенін растады.
"Салтанат Нүкенованың нақты не себептен қайтыс болғанын анықтау үшін сот-медициналық сараптама жалғасып жатыр. Бұл жұмыстар 1 ай шамасында іске асырылады. Содан кейін сараптама нәтижесін жариялаймыз", – деді Ерлан Өтегенов.