Bugin

Мектебі түсік жасатқан: Жамбыл облысында депутаттың күйеуі 7-сынып оқушысын жүкті еткен

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: © Sputnik / Табылды Кадырбеков

Жамбыл облысының білім бөлімі 7-сынып оқушысының жүктілігін бір жыл бойы жасырып келген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы 31-арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Мектеп әкімшілігі Жаңатас қаласындағы жағдайды жасыру үшін қыздың анасына ескертпей, оған түсік жасатқан. Қазір 12 жастағы жасөспірімге азғындық жасады деген күдікпен аудандық мәслихат депутатының күйеуі қамауға алынды. Полиция қылмысты дер кезінде хабарламаған білім саласының қызметкерлеріне қатысты іс қозғады.

“Керегі жоқ, оның байланысы мықты. Әйелі депутат. Балабақшада меңгеруші болып істейді”, - деп жылады. Маған қызым жүкті екенін тек жаңа жылдың қарсаңында айтты. Жүктілік мерзімі шамамен алты айлық”, – деді анасы Мәриям Смадиярова.

12 жасар қызды ұзақ уақыт 55 жастағы ер адам жыныстық қарым-қатынасқа тартқан. Телефон сыйлап, алдап, оқушыға ойына келгенін істеген көрінеді. Ақыры жүкті болып, анасына бар шындықты айтуға бел буған. Қалтасы қалың күдікті қызды қорқытып, ешкімге айтпауын талап еткен.

“Тергеу барысында жыныстық қатынас салдарынан 2022 жылы жүкті болғаны анықталды. Алайда жүктілік дерегі мектеп басшылығымен жасырылған, тиісті органдарға хабарлаусыз түсік жасалған. Айыпталушының кінәсі дәлелденіп, қамаққа алынды. Іс сотқа жіберілді. Мектеп басшылығына қатысты Қылмыстық кодекстің 434-бабы “Қылмыс туралы хабарламау” туралы іс тіркелді”, – деп мәлімдеді Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Алмаз Саламатов.

Оқиға осыдан бір жыл бұрын оқушылар жатып оқитын мектеп-интернатта болған. Қызға түсік жасатқан соң, оның сүт тарауы үшін омырауын байлап, үйге әкеліп тастаған. 

“Маған түсік жасататынын айтқан жоқ. Олар түсіктен бұрын толғақ шақыратын дәрі берген. Мен білмедім. Тек түнде қызым түсік жасатқызғаны туралы хат жазып жіберіпті. Сүті тарауы үшін омырауын шарфпен буып, үйге әкеліп тастады. Бірақ бұл түсік ешқандай құзырлы органдарында тіркелмеген. Жасырын түсік жасатудың жолын тапқандар жеке гинеколог жалдаған екен", - дейді анасы.

Сарысу ауданы білім бөлімі басшысының айтуынша, қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдікті "Айгөлек" мемлекеттік балабақшасында күзетші болып жұмыс істеген. Қазір полиция департаменті бұл айтылғандарды тергеумен дәлелденгенін жеткізді. 7-сыныптағы жеткіншекке азғындық жасаған күдікті қамауға алынды. Сондай-ақ осы іске қатысы бар білім бөлімінің қызметкерлерінің үстінен қылмыстық іс қозғалған.