ДЕНСАУЛЫҚ

Қартайғанға дейін тісті сау күйінше сақтаудың құпиялары

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: bugin.kz / Айгерім Әділханова

Тіс – адам денесінің маңызды бөлшегі, бет пішімінің басты элементі. Тіске күтім жасау бірнеше маңызды кезеңнен тұрады. Тісті күту және оны қартайғанға дейін сақтаудың қандай құпиялары бар? Осы орайда Bugin.kz порталы стоматолог дәрігер Арина Гусарованың кеңестерін ұсынады. 

Тіс күтіміне уақыт бөліңіз

Күнделікті өмірде тісті күніне екі рет – таңертең және кешке тазалау керек екені бәрімізге белгілі. Тіске дұрыс күтім жасау үшін сізге келесі гигиеналық құралдар қажет:

1. Орташа қатты тіс щеткасы. Жұмсақ щетка әдетте ауыз қуысында түрлі ауру болған кезде, ал қатты щеткалар дәрігердің нұсқауы бойынша қолданылады.

2. Тіс пастасы. Ең жақсы, әрі сапалысын алыңыз. Кальций, фторид және фосфор бар тіс пасталары эмаль құрылымын нығайтады және тіс жегінің (кариес) пайда болуына жол бермейді. Дәрілік шөптер (түймедақ, қырмызы, шалфей) бар өнімдер қабынуды жояды. Пирофосфат пасталарды қолдансаңыз, тіс жабынының (налет) мөлшерін айтарлықтай азайтады. 

3. Жіп. Тіс жібі тіс аралық кеңістіктерді тазалауға арналған. Тіс аралық кеңістікте қалдық болмаса, тістердің бүйір беттерінде кариес пайда болмайды.

4. Ирригатор (қысыммен су беру арқылы ауыз қуысын тазартатын құрылғы). Қысыммен сұйықтық беру арқылы сіз қол жетпейтін жерлерді тиімді тазарта аласыз. 

5. Шайғыш заттар. Стоматологтар күнделікті қолдану үшін гигиеналық өнім ретінде дезодорациялық (тыныс сергітетін) шайғыштарды пайдалануды ұсынады.

Кариес пайда болмас үшін барлық қажетті гигиеналық құралдар арқылы тісті дұрыс тазалауды үйрену керек. 

Жылына екі рет стоматологтың қабылдауына жазылыңыз

Профилактикалық тексеріс кезінде сіз ауыз қуысының гигиенасы туралы ақпарат білесіз. Ауыз қуысы ауруын ертерек емдесе, болашақта кариес пайда болмайды. Алты ай сайын профилактикалық тексерістердің көмегімен кариозды процестерді ерте кезеңде анықтауға болады. 

Жылына екі рет тісіңізді кәсіби түрде тазалаңыз

Тістерді 3 кезең бойынша кәсіби түрде тазалайды. Бұлай тазаласаңыз, тістегі қалдықты толығымен жояды, кариестің дамуы тоқтайды және қызыл иектің қабынуы басылады. Бұл процедураның көмегімен сіз тістеріңіз бен айналасындағы тіндерді сақтайсыз. Кәсіби гигиена – кариестің жалғыз тиімді емі.

Тәтті тағамдардан бас тартыңыз

Қант және құрамында қанты бар кез келген тәтті өнім кариес тудыратын бактериялардың дамуына ықпал етеді.

Тісіңіз ауырса, дереу тіс дәрігеріне қаралыңыз

Алғашқы ауру белгілері байқалғанда тіс дәрігеріне хабарласыңыз. Сонда стоматологиялық мәселелерге, ұзақ мерзімді емдеуге және үлкен қаржылық шығындарға ұшырамайсыз.

Фторид тапшылығын толтырыңыз

Фторид эмаль мен дентиннің түзілуінде маңызды рөл атқарады. Ол басқа кальций тұздарына қарағанда кальций және фосформен тұрақты қосылыстар түзе отырып, кариеске қарсы әсерге ие.

Суық пен ыстық тағамды қатар жемеңіз

Тістеріңізді контрасты температурадан сақтаңыз. Яғни, балмұздақты ыстық кофемен жесеңіз, эмальда микрожарықтардың пайда болады. Тіс сезімтал бола түседі. Ыстық тамақ пен суық суды қатар қолданбаңыз. 

Дұрыс тамақтаныңыз

Тістерді сау ұстау үшін сүт, сүзбе, ірімшік сынды кальцийге бай тағамдарды жеу керек. Бұл, әсіресе, жүктілік кезінде өте маңызды.Өйткені осы кезеңде ұрықтың дамуына қажетті кальций әйелдің ағзасына да жетіспей жатады.

Аскорбин қышқылы – қан тамырларын нығайтып, қызыл иектің қан кетуіне жол бермейтін маңызды дәрумен. Тісіңізді сау ұстау үшін С дәруменінің күнделікті дозасын тұтыныңыз.