Bugin

Дәрігер бауырға зиянын ең қатты тигізетін өнімдерді атады

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: depositphotos.com

Диетолог Анджела Морено La Vanguardia басылымына берген сұхбатында бауырды майландыратын тағамдарды атады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі "Российская газета" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ол көп мөлшерде қаныққан майы бар тағамдарды үнемі тұтыну денеге қатты зиянды екенін атап өтті.

Оның айтуынша, шұжық пен дүкендегі нан өнімдері денсаулыққа кері әсер етеді. Адам бұлай тамақтанғаннан, алкогольді сусындарды ішпейтін адамдар да бауыры ауырып, дәрігерге жиі жүгінеді. Аталған өнімдерді көп тұтынса, фиброз, цирроз және басқа да бірқатар өлімге апаратын аурулар пайда болуы мүмкін.

"Бауырдың қалыпты жұмыс істеуі үшін тағамнан жоғары гликемиялық индексі бар көмірсулардың мөлшерін азайту маңызды. Бұл, әсіресе, фруктозасы бар тәтті сусындарға, соның ішінде энергетикалық сусындарға қатысты", - деп ескертті Испанияның азық-түлік қауіпсіздігі агенттігі.

Испандық диетолог Айтор Санчес бауырдың май басуы ауруының негізгі симптомы ісіну түрінде көрінетінін айтты.