Денсаулық
Химияның құпиясы көп
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Қоршаған орта қауіп-қатерге толы. Ойламаған жерден жапа шегуің әбден мүмкін. Жақында ғана көпшілік ескере бермейтін, сырттан ауа өткізетін пластмассалық есептегіш құралға назарым ауды. «Формальдегид бөлмеге және адамдарға қаншалықты қауіпті?» деген сұрақ жөнінде іздестіре бастадым. Нәтижесінде формальдегид жайлы сұрақтар мен мәліметтерді назарларыңызға ұсынып отырмын.
Формальдегид дегеніміз не және не үшін қажет?
Оның қалыпты түрі–кәдімгі өткір, иісті газ. Бірақ, ол тез арада сұйықтықтыққа айналып үлгереді және осы зат жасырын түрде өндірісте қолданылады. Мысалға, сұйық формальдегид еріткіші ағаш жаңқаларын, ағаш талшықты тақталарын, пластмасса өндірісінде, бояулар, тері бұйымдары, жуу құралдары, тырнақ бояу, сусабын заттарын әзірлеуге аса қажет. Тіпті, «жаңа жиһаздан формальдегид исі мүңкіп тұр» сынды пікірді сөзді жиі естиміз. Ағаштан жасалған кез келген үстел немесе басқа да заттар бір құшақ гүлдің көлеміндей иіске толы болады. Ол заттарда формальдегидтің үлесі үлкен. Егер сіз, жиһаздардың сұйық газ сасып тұратынына көз жеткізгіңіз келсе, арнайы жиһаз сататын дүкенге бас сұғыңыз.
Формальдегид қайдан алынады?
Өндірістік қажеттілік үшін оны метан мен метанолладан алады. Бірақ, формальдегид атмосфера қабатында да кездеседі. Ол аспанда фотохимиялық реакциялар мен органикалық трансформациның әсерінен пайда болады. Формальдегидтің үлкен бөлігі – атмосфераға адамдардың іс-әрекеті арқылы бөлінеді. Автокөлік қозғалысы, химиялық өндіріс күштері, қоқыс жинайтын, сараптайтын зауыттар, ағаш сұрыптайтын фабрикалар – мұның барлығы сыртқы ауадағы формальдегидтің шығу көзі. Қоқыс жағатын зауыттар формальдегидке өте бай.
Ұсыныстар мен байланыс үшін
8 705 324 11 61