Bugin

БҚО-да ер адам жоғалып кетті

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: pexels.com

БҚО-да ер адам жоғалып кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысында өткен тәулікте ауа райының қолайсыздығына байланысты ескертулер жасалып, республикалық және облыстық маңызы бар автокөлік жолдары жабылған болатын, деп хабарлайды.

"22 қараша күні кешкі сағар 20:37-де Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы, Ақжайық ауылында таңертеңгі сағат 10.00-де 1961 жылы туған азаматтың жұмыстан шығып жоғалып кеткені жөнінде хабар түседі. Жедел іздестіру жұмыстары жүргізіледі. 23 қараша күні 13 сағат 00 минутта іздестіру-құтқару жұмыстарына Орал қаласының аэропортынан "Еврокоптер" әуе ұшағы көтерілді. Іздестіру-құтқару жұмыстарына барлығы экипажда 3 адам, жеке құрамнан 25 адам, 9 техника жұмылдырылды. Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті ауа райының өзгеруін бақылап, абай болып, енгізілген шектеулер туралы ақпаратпен танысуға кеңес береді", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Ақпаратты 112 құтқару қызметінің телефон номерінің хабарламасынан, сондай-ақ, «Darmen» мобильді қосымшасының көмегімен нақтылауға болады. Сонымен қатар, отын қоры бар канистр (кемінде 20 л) және құюға арналған ыдыс, шай термосы және азық-түлік қоры мен жылы киімнің болуы, ең бастысы, автокөлік техникалық жарамды күйде болуы керек.