Bugin

Қызылордада кәріз құдығына құлап кеткен баланың мәйіті табылды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: ТЖД

Қызылорда қаласында абайсызда қалалық кәріз құдығына құлап кеткен сегіз жастағы баланың мәйіті сыртқа шығарылды, деп хабарлайды  Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Бүгін, 25 қарашада сағат 13.24-те Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Дағдарыс жағдайларында басқару басқармасына хабарлама келіп түсті.

"Онда облыс орталығындағы Балқы базар көшесі бойында орналасқан №5 емхананың жанында жасөспірім абайсызда қалалық кәріз құдығына түсіп кеткені айтылған. Сағат 18:00-де құтқарушылар күшімен 2015 жылғы баланың мәйіті кәріз құдығынан табылып, сыртқа шығарылды. Оқиға орнында департаменттің 18 қызметкері 5техникамен жұмыс жасады. Сондай-ақ, апаттар медицинасы орталығының филиалы, Полиция департаменті, "Қызылорда су жүйесі", жергілікті атқарушы орган мамандары қызметін атқарды", - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен.