Bugin

Астанада үйінде таяқ жеген 7 жасар қыз ауруханаға түсті

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: pexels.com

Балалар омбудсмені Динара Зәкиева Instagram желісіндегі парақшасында Астанада 7 жасар қыздың үйінде соққыға жығылғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды  Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Мен үйде жүйелі түрде ұрып-соғу салдарынан ауруханаға түскен 7 жасар қызды көруге бардым. Бала ауруханада қалып, үйге оралғысы келмейді", — деп жазды Зәкиева.

Балалар омбудсмені мектепте баланы ұрып-соғудың ізі анықталғанын айтты.

"Мұғалімдер бірден балалар құқығын қорғау мекемесіне хабар берген. Ол үйде тағы 6 бала бар", - деп қосты Зәкиева.

Бұған дейін Балалар омбудсмені Екібастұзда 7 жасар Милананың өлімі туралы айтқан болатын. Ол қазақстандықтарды балаларға қатысты зорлық-зомбылықты байқаса, белсенді түрде тиісті орындарға жеткізуге шақырды. Сондай-ақ Зәкиева балалардың қауіпсіздігіне қатысты заңнамаға өзгерістер енгізу қажеттігін баса айтты.