Bugin

Жартылай жалаңаш терезеден секіріп кеттім: танымал жазушы күтпеген мәлімдеме жасады

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: bibiana.kz

Бибігүл Иманғазина жұртшылыққа "Қазақтың Тереза анасы" атанып  кеткен. Қазір "БИБІ-АНА" қорының құрылтайшысы, белгілі жазушы. Ол өзін арбаға таңған оқиғасы туралы "Әйел әлемі" бағдарламасында айтып берді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды.

Бибүгіл ешкімді тыңдамай, өнер консерваториясына оқуға құжат тапсырады. Өнерлі, әдемі, белсенді қыз бірден көптің көзіне түсті. "Сөз салмаған, көз салмаған адам қалмады" деп жазады ол "Тауқымет" кітабында. Артынан торуылдап жүрген жоғарғы курс студенті Бибігүлдің арын аяққа таптап, арам ойын жүзеге асырғысы келеді. Небәрі 17 жастағы ақтөбелік бойжеткен қылмыскердің уысынан сытылу үшін барын салады. Өміріне әсер еткен оқиға туралы өзі былайша баяндайды:

"Артымнан кіріп келді де, есікті кілттеп алды. Қолында пышағы бар. Екі сағат арпалыстым. Ол кезде консерваторияға оқуға тапсыратын 2-3 адам ғана болады. Айқайладым. Көмекке шақырдым. Ешкім келмеді. Амал қалмады. Үстімдегі киімнің бәрін жыртып тастаған. Терезе ашық екен. Жартылай жалаңаш терезеден секіріп кеттім. Сонда менен адамдар: "Өлем деп ойламадың ба?" - деп сұрайды. Ол уақытта өлімді ойламайды екенсің. Әке-шешең қалай зорлыққа көнбеуге тәрбиеледі. Ол қандай адам мені зорлайтын?! Өлімді ойлаған жоқпын. Сол уақытта құрылыс жүріп жатыр екен. Кірпіштің үстіне түсіп, омыртқам сынды", - деді.

Ол 17 жасынан бері арбаға таңылып, қайтпас қайсарлық пен жасымас жігердің үлгісі болып келеді.