Bugin

Өрт шыққан пәтерде екі бала қалып қойған

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Ақмола облысының Степногор қаласында көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерде болған өрттен екі бала құтқарылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт көппәтерлі тұрғын үйдің 3 қабатындағы пәтерден шыққан. 

"Өрт аумағы 10 шаршы метрді құрады. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 8 адам және 3 арнайы өрт сөндіру техникасы тартылды. Өрт болған пәтерден екі және жеті жасар бала құтқарылды. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ. Өрттің шығуына балалардың отпен ойнауы себеп болған", - деді ведомстводан.