Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: ustinka.kz
Сатирик, актер Асқар Наймантаев қайтыс болды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды.
Суыт хабарды дәстүрлі әнші Ерлан Рысқали Facebook-тегі парақшасында жазды. Ол:
"Асқар ағамыз бақиға аттаныпты. Қайран асыл ер… Алла алдыңнан жарылқасын", - деп жазды.
Асқар Әбдіғалымұлы Наймантаев 1965 жылы 17 маусымда Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Нарынқол ауылында дүниеге келген. "Тамаша" ойын-сауық отауының актері болды."Терісқақпай" театрының негізін салды. Ол актер, режиссер, сатирик, сценарийші, педагог қызметін атқарды.