Bugin

Түркістанда төрт жасар бала жоғалып кетті

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Telegram/POLISIA.KZ

Түркістанда төрт жасар бала жоғалып кетті, деп хабарлайды  Bugin.kz порталы  Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

1 желтоқсанда кешкі уақытта қалалық полицияға жергілікті тұрғын арызданып, сол күні ойнауға шығып кеткен 4 жасар ұлының үйіне қайта оралмағанын жеткізген. Ер азаматтың арызы бірден тіркеліп, тез арада полицияның жеке құрамы іздеу жұмыстарына жұмылдырылды.

Қазір тәртіп сақшылары жүйелі түрде жан-жақты іздестіру жұмыстарын жүргізуде.

Жоғалған баланың жеке басы мен түр-тұлғасы бойынша мәліметтер фото суретімен бірге барлық аумаққа жолданды. Еріктілер мен тұрғындар да көмекке келді.

Бақыт Айбар Алдиярұлы 25.05.2019 жылы туған. Бойы - 60-65 см, шашы қара-қоңыр түсті. Үстінде сұр түсті торлы жейде, қоңыр түсті шалбар, аяғында резеңке аяқ-киім болған.