Bugin

Көкшетау қаласында пара алғаны үшін түрмеде отырған адамға мемлекеттік пәтер сыйланған

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: depositphotos.com/ru

Ақмола облысының прокуратурасы жергілікті әкімдіктерге тексеру жүргізді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі orda.kz  сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Өңірде 23 мыңнан астам адам баспана кезегінде тұрса, соңғы үш жылда әкімдіктер 900-ге жуық пәтерді ғана таратқан. Оның ішінде 23 пәтер заңсыз берілген.

Көкшетауда екі жыл бұрын пара алғаны үшін сотталып, түрмеде отырған бюджеттік мекеменің бұрынғы қызметкеріне пәтер сыйға тартылған.

Прокуратура тұрғын үйді заңсыз жекешелендірудің екі фактісін анықтады.

Облыс орталықтарының бірінде ер адам басқа өңірде орналасқан пәтерін жекешелендіруден жарты жыл бұрын сатып жіберген. Пәтер мемлекетке қайтарылды.

Олар коммуналдық тұрғын үйді де жалға алған, соның кесірінен бюджетке 50 миллион теңге жалдау төлемі түспеген. Олардың табысы тексерілмей, аз қамтылғандар ретінде баспана берілгені айтылды.