Bugin

Жаңа монеталар айналымға шықты

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Жаңа монеталар айналымға шықты, деп хабарлайды Bugin.kz тілшісі Kazinform сайтына сілтеме жасап. 

Бүгін Қазақстан ұлттық банкі "Банкнотадағы портреттер" сериясынан Әл-Фараби, Құрманғазы және Сүйінбай коллекциялық монеталарын айналымға шығарды.

Монеталар 8 желтоқсанда kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкенінде сатыла бастайды.

Жаңа монеталар 1993 жылғы үлгідегі Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы банкноталарының бірінші сериясының портреттік бейнелеріне арналған.

Онда көрнекті тарихи тұлғалар — ғалым Әл-Фараби, айтыскер ақын Сүйінбай Аронұлы, күйші Құрманғазы, ғалым әрі этнограф Шоқан Уәлиханов, ақын әрі философ Абай, сондай-ақ қазақ хандары Әбілқайыр мен Абылай бейнеленген.

2011-2013 жылдары Әл-Фараби, Құрманғазы және Сүйінбай коллекциялық алтын монеталары айналымға шықты.

Коллекционерлер мен халық тарапынан болған сұранысты ескере отырып, серия күміс және нейзильбер қоспасынан жасалған монеталармен толықтырылып отыр.