Bugin

БҚО-да балалар арасында тараған қауіпті дерттен 4 жасар қыз қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: depositphotos.com

БҚО-дағы Тасқала ауданының орталығы Тасқала ауылындағы балабақшада 6 баланың скарлатинаға шалдыққаны анықталды. Аталған дерт салдарынан 4 жасар қыз қайтыс болды. Бұл туралы Bugin.kz порталы  Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, осыған байланысты Тасқала ауданы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысымен балабақша карантинге жабылды.

Бүгінде ауру ошағында эпидемиологиялық тексеру жұмыстары жүріп жатыр. 

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, скарлатинаға шалдыққан балалардың бірі өте ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр.

Қалған үшеуінің жай-күйі орташа.

Аталмыш дерт салдарынан ауруханаға түскен қыз бала қайтыс болды. Денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында:

"Қыз бала өлімінің нақты себебі паталогоанатомиялық зерттеу қорытындысынан кейін белгілі болады", - делінген .