Bugin

Тимур Құлыбаев қызметінен кетті

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: olympic.kz/

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеубаласы, кәсіпкер Тимур Құлыбаев KAZENERGY қауымдастығының төрағасы қызметінен кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қауымдастықтың баспасөз қызметінің мәліметінше, KAZENERGY мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының төрағасы болып Мағзұм Мирзағалиев сайланды.

Тиісті шешім 8 желтоқсанда Алматыда өткен KAZENERGY кеңесінің жеке отырысында қабылданды, - делінген хабарламада.