Bugin

БҚО-да жол жиегіндегі екі адамды көлік қағып өлтірді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: pexels.com

БҚО-да жол жиегіндегі екі адамды көлік қағып өлтірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Астана арнасына сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысында жол жиегінде көлік жөндеп жатқан екі адамды көлік қағып өлтірді.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға бүгін, яғни 8 желтоқсанда сағат 8:42-де болған.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

БҚО полиция қызметкерлері жүргізушілерге жол үстінде жол қауіпсіздігін қатаң сақтап, мұқият болуды ескертеді.