Bugin

БҚО-да төрт жасар қыз қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: pexels.com

БҚО-да төрт жасар қыз қаза тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Батыс Қазақстан облысында қызамық ауруынан төрт жасар қыз қайтыс болды. Онымен бір балабақшаға барып жүрген тағы төрт бала ауруханада жатыр. Оның біреуі жансақтау бөлімінде.

Дәрігерлер Тасқала ауданының ауруханасына түскен қыздың ауруы дереу қозып, оны аман алып қалу мүмкін болмады деп отыр.

"5-і күні кешкі сағат 10-да түседі де, бес сағаттың ішінде жағдайы күрт нашарлап, жүрегі тоқтады. Қайтыс болғаннан кейінгі диагнозы — скарлатина. Өкпенің қабынуы, миокардит, жүректің миокард ісінуі. Қабынғанда сондай диагноз қойылды. Енді гистологтар гистологияға керек анализдерді алды, толық диагноз алды. Оған бір жұмадай уақыт керек"-дейді БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Тоқсанов.