Bugin

Көлік басқару құқығынан айырылған ер адам жасөспірімді қағып өлтірді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: pexels.com

Көлік басқару құқығынан айырылған ер адам жасөспірімді қағып өлтірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Астана арнасына сілтеме жасап. Алматыда жүк көлігінің жүргізушісі жасөспірімді қағып кетті. Ол сол жерде тілге келместен көз жұмды. Оқиға "Қалқаман" шағын ауданында болған. "ГАЗ-53" маркалі автокөлік жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан баланы қағып кетіп, қашып кеткен. Бір тәуліктен кейін ол Алматы облысында алкогольдік және есірткілік масаң күйде ұсталды. Ал көлігі жақын маңдағы көшеден табылған.
Тексеру барысында күдіктінің 3 жыл бұрын 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды. 
 

"Бозбаланы қағып кеткен жүргізуші ұсталды. Қазір ол қамауда. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі және ҚР ҚК-нің 347-бабы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде"- Қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.