Bugin

Бельгиядан елімізге ата-анасын іздеп келген қазақ баласы: тың мәліметтер табылды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Бельгиядан елімізге ата-анасын іздеп келген қазақ баласы: тың мәліметтер табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Астана арнасына сілтеме жасап.

Еуропалықтар асырап алған Қазақстан тумасы ЭддиЖан бір апта бұрын Қазақстанға биологиялық ата-анасын іздеп келіп, қазақстандықтардан көмек сұраған болатын. Белгілі тележүргізуші Қымбат Досжан ЭддиЖанға "Қазақ" радиосындағы "Бармысың бауырым" бағдарламасы арқылы көмектесіп, оның анасы туралы тың деректер табылғанын мәлімдеді.

"Бармысың, бауырым?" хабарының кезекті санында Бельгиядан келіп, ата-атасын іздеп жүрген ЭддиЖанға (құжат бойынша аты-жөні - Мұрат Севальев) байланысты тың деректер ұсынылды.

"Кеше Мұратқа қатысты тағы да бөлек архивтік құжаттарға қол жеткіздік. 13 парақтан тұратын құжатты алдық. Арқалықта жүрген Мұрат сол құжаттардың көшірмесін алды. Мұраттың анасы Арқалық перзентханасына 2002 жылы 17 қаңтарда түскен. 21 қаңтарда кешкі сағат 22:00 ге дейін үйге барып келейінші деп перзентхана дәрігеріне қолхат қалдырады. Баладан бас тартпаған. Қайтып келемін деген. Осы ретте көп көмек көрсеткен Арқалық перзентханасының басшылығына алғыс білідерміз", - деді Қымбат Досжан.

Бұған дейінгі архивтік құжаттарда келіншек Аққұмнан деп шықса, кеше алған ақпарат бойынша Ақкөл ауылына қарай ауысты.

"Назар аударыңыздар, әсіресе Арқалық, Ақкөл, Аққұм, Торғай, Ахмет Байтұрсынов ауылының халқы! Сіздерге үлкен өтініш айтқалы отырмыз. Егер білетін мәліметтеріңіз болса, редактор Әсел Асқарқызына құпия түрде жазуға болады: +77075355383", - деді бағдарлама тілшілері.