Bugin

Қазақстан азаматтарына 100 мың теңге сомасында өтемақы төленетіні рас па?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: pexels.com

Желіде Қазақстан азаматтарына 100 мың теңге сомасында өтемақы төленетіні туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Хабарламада бұрын төленген қаражаттарыңызға байланысты өтемақы берілетіні айтылған. Ал шындығында ҚР-ның мемлекеттік органдарының ресми сайттарында да, бұқаралық ақпарат құралдарында да мұндай өтемақылардың бары туралы ақпарат жоқ.

Көбінесе мұндай хабарламаларды таратушылар "өтемақы алу" сұрауын жіберу үшін веб-сайтқа  сілтеме қалдырады. Онда өтінішті толтыру үшін жеке деректер мен банк картасының деректерін қалдыру керек. Бұл ескі алаяқтық схема.

Әртүрлі елдерде, соның ішінде Қазақстан, Ресей мен Беларусьте мұндай хабарламалар кеңінен таралған. Алаяқтар жеңіл ақшаға қол жеткізу үшін  мемлекеттен өтемақы төленетінін айтып, уәде етеді.