Bugin

Шымкентте мас күйдегі ер адамды ұрып өлтірді деген жігітКе сот үкімі шықты

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Шымкентте қыркүйек айында мас күйдегі ер адамды өлтірді деген күдікке ілінген азаматқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап. 

Кінәлі деп танылған 20 жастағы жігіт 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дегенмен, сотталушы да, жәбірленуші тарап та оқиға орнында кәмелет жасына толмаған 2 жасөспірімнің болғанын және олардың да жазалануын талап етіп отыр.

Шымкентте масаң күйде болған ер адамды ұрып өлтірген жігітке қатысты сот үкімі шықты. 2003 жылы туған сотталушы азамат ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. 

"ҚК 106-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын, оған 8 жыл мерзімде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Тәуекелге жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемелерінде өтеу белгіленсін",- деді Шымкент қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Айнель Орақбаева.

Шулы оқиға биыл 9 қыркүйекте болған. Мас күйдегі Толқын Абдрахмановтың жас жігіттермен ерегесіп, арты төбелеске ұласқаны бейнежазбаларға түсіп қалған. Марқұмның жары, сапардан келген күйеуі жігіттерден тек су сұрағанын айтады.