Bugin

"Өліп, тірілдім": 81 жастағы жазушының сыры

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: жазушының жеке мұрағатынан алынды

Бүгін – белгілі жазушы, драматург Дулат Исабековтың туған күні. Оның шығармашылығы әлем елдеріне қазақ халқын таныстырады. Туындылары венгр, неміс, поляк, чех, орыс, ағылшын тілдеріне аударылған. Bugin.kz тілшісі қаламгердің бала кезінде қалай өлімнен аман қалғаны туралы хикаяны назарларыңызға ұсынады.

Жазушы сәби кезіндегі оқиға туралы тебірене еске алады.

Кішкентай кезінде Дулатты өліп  қалды деп ойлап, дәлізге шығарып тастайды. Таңертең жерлейін деп жатқанда, бір кемпір баланың бетін ашып көреді. Бала көгеріп жатудың орнына әлгі кісіге жымиып қарайды. Сол кезде кемпір Дулаттың анасына: "Күміскүл-ау, мына балаң тірі ғой", - деген екен. Баладан әбден үмітін үзіп, "адам болмайды" деп өлімге мойынсұнған анасы дел-сал күйге түседі. Сәбиінің тірі екеніне көзі жеткен ана жылап жібереді. Ол уақытта баланың қабірі қазылып қойыпты. Арғы жақтан "сүйекті" алып кетуге адам жібертілген екен. Осылайша жазушы бір өлімнен аман қалып, қайта өмір сүру мүмкіндігіне ие болған екен.

Қаламгердің "Гауһар тас", "Дермене", "Әпке" секілді туындыларына фильм түсіріліп, көрермен назарына ұсынылған. Жазушының "Қарғын", "Сүйекші", "Бөрте" сынды көптеген танымал шығармалары бар.