Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: Kazinform
Ақмола облысында 42 жастағы әйел екі баласымен жоғалып кетті, деп хабарлайды Bugin.kz тілшісі Kazinform сайтына сілтеме жасап.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 желтоқсанда сағат 23:52 шамасында Степногор қалалық полиция басқармасының Бестөбе кентіндегі полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып көмек сұраған.
Айтуынша 1981 жылғы анасы Нуретдинова Альфия Сайфутдинқызын және оның 2022 және 2023 жылы туған екі кішкентай баласы жоғалып кеткен.
Қызының сөзінше, анасы мен екі сіңілісі сол күні танысының үйінен шыққан. Алайда үйіне келмеген және байланысқа да шықпаған.
"Қазіргі уақытта Бестөбе полиция бөлімінің және қалалық полиция басқармасының жеке құрамы жоғалған адамдарды іздестіріп жатыр. Сонымен бірге іздеу жұмыстарына еріктілер де қосылып, суреттер әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге таратылуда, - деді ведомстводан.
Жоғалған әйел үстіне қара көк куртка, күрең қызыл түсті шалбар, ақ түсті етік киген.
Тәртіп сақшылары жоғалған адамның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпараты бар жандар болса дереу полицияға хабарлауды сұрайды.