Bugin

Аманжол Әлтаев Жүрсін Ерманның жағдайы туралы айтты

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]


Фото: Аманжол Әлтаевтың жеке мұрағатынан алынды

Айтыскер ақын, депутат Аманжол Әлтаев "Қасқа жол" YouTube арнасына берген сұхбатында Жүрсін Ерманның қазір жағдайы қалай екенін айтты. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Таяуда Астанада жылдың қорытынды айтысы "Алтын домбыра" айтысын өткізгеннен кейін арнайы барып, ол кісіге есебімді беріп, қалай өткенін жеткізіп, халін біліп, әңгімелесіп қайттық. Айтыс Тәуелсіздік жылдарында дамыды десек, соған Жүрсін ағамыздың қосқан үлесі ұшан теңіз. Бүкіл өмірін айтысқа арнаған. Қанатының астынан түлеп ұшқан шәкірттерінің барлығы халін біліп тұрамыз, барып тұрамыз. Әрине, батасын беріп, "салған қасқа жолдан ауытқып алмаңдар" деп ақыл-кеңесін беріп отыр", - деді ол.