Bugin

"Гипноздап тастаған": Шымкенттік әжелер алаяққа алданып, бар жиғанын бере салған

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Polisia.kz

Шымкентте қарт кісілерді алдап, қаржысын иемденіп келген алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, алаяқтың құрбандары 73 және 68 жастағы жергілікті тұрғындар екен. Күдікті екі мекенжайға да үй сатып алу мақсатында барған.

Әңгімелесу барысында отбасына дуа жасалғанын және оны тез арада жоймаса, бір жамандық болатынын айтып сендірген. Үйді тазарту рәсімін өткізу үшін алтын мен ақша сұраған. Барлық бағалы затты алған соң, оқиға орнынан бой тасалаған.

"Жәбірленушілердің айтуынша, қаскүнем гипнозды қолданған. Себебі олар алаяққа қалай алданғанын білмейді. Күдіктіні Еңбекші аудандық полиция басқармасының жедел уәкілдері ізін суытпай ұстады. Бұл іске жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары көмектесті. Алматы қаласының тұрғыны құрбандарын тек егде жастағы, сенгіш азаматтардың арасынан таңдап отырған", - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.