ДАМУ

"Жаңа Қазақстанның" 2023 жылы жеткен жетістіктері

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото:  Bugin.kz / Айгерім Әділханова

2023 жыл еліміз үшін айтулы оқиғалар мен жағымды жаңалықтарға толы болды. Bugin.kz порталы жыл қорытындысы ретінде еліміздің мәдениет, спорт және әлеуметтік саладағы жетістіктері жайлы топтаманы ұсынады.

МӘДЕНИЕТ

Биыл түркітілдес елдер арасында белгілі қазақ композиторы Темірбек Жүргеновтің жылы деп белгіленді. Жүргенов – қазақ халқына ғана емес, түркі әлеміне танымал тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, сыншы-көсемсөзші, белгілі композитор деп танылған.

2023 жылы “Қазақ” газетінің 110 жылдығы аталып өтті. “Қазақ” газеті – ұлттық журналистика тарихында маңызға ие басылым. Газет алғаш ашылған күннен бастап халқымызға оқу мен білімді насихаттап, көкірек көзін ашуға бағытталған. 

Қазақстан 2023-2027 жылдарға Дүниежүзілік мұралар комитетінің мүшесі болып сайланды. Дүниежүзілік мұралар комитеті – құрамына 21 ел кіретін ЮНЕСКО-ның аса маңызды органы. 

Димаш Құдайберген Қазақстанның “Халық әртісі” атанды. Республика күні қарсаңында Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Димаш Құдайберген “Халық әртісі” атанды. 

ӘЛЕУМЕТ

Биыл қазақстандықтардың саны 20 миллионға жетті. 14 қарашада елімізде халық саны 20 миллионға жетті. Деректер базасының мәліметіне сүйенсек, 14 қараша таңғы сағат 8:10-да дүниеге келген 5 сәби еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны атанды. Нәрестелер Ұлытау, Жетісу, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында туған. 

15 қарашада Ұлттық теңгеміз 30 жасқа толды. 1993 жылдың 12 қарашасында Ұлттық валюта жайлы Заң қабылданды. Ал 15 қарашадан бастап сауда-саттық құралы ретінде нарыққа енді. 

“Ұлттық қор – балаларға” жобасы аясында 2024 жылдан бастап балаларға ақша бөлінетін болды. Жобаға 18 жасқа толмаған қазақстандықтар қатыса алады. Қатысушылар ақшаны үй сатып алуға немесе білім алуға жұмсауына болады. Мемлекет шетелде оқуға да рұқсат беріп отыр.

СПОРТ

Тарихи жеңіс: қазақ балуаны Ризабек Айтмұхан еркін күрестен әлем чемпионы атанды. Еркін күрестен қазақтан шыққан әлем чемпионы Қажымұқан Мұңайтпасов болса, егемен ел тарихында Ризабек тұңғыш алтын иегері атанды.

Шахматтан Әлішер Сүлейменов әлемнің ең үздік шахматшысын ұтты. 23 жастағы Әлішер Дохада болған Qatar Masters Open турнирінің екінші кезеңінде әлемнің ең үздік шахматшысы Магнус Карлсенді жеңді.

18 жастағы Зухра Ирназарова нысана көздеуден Азия ойындарының чемпионы атанды. Зухара Ирназарова 10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға оқ ату сайысында 560 ұпай жинады. Осылайша Солтүстік Кореядан келген екі мергеннен басым түсіп, чемпион атанды. 

Тарихи жеңіс: Арайлым Әбенова самбодан әлем чемпионатында Қазақстан тарихындағы алғашқы алтынды алды. Аса ауыр салмақтағы әйелдер арасында финалда Ресей спортшысы Жанара Кусанованы 6:0 есебімен ұтқан.

Футбол тарихында ұлттық құраманың тарихи жеңісі: Қазақстан жастар құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде жеңіске жетті. Ұлттық футбол құрамасы сырт алаңда Мальта құрамасын  2:0 есебімен ұтты.

Футзалдан Қазақстан - 2024 жылы Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатының қатысушысы атанды. Кака шәкірттері іріктеу кезеңінде Әзірбайжан, Румыния және Нидерланд құрамаларын жеңіп, финалдық кезеңге жолдама алды.