ДАМУ

"Орны толмас қаза": 2023 жылы Қазақстан кімдерден айырылды?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фотоколлаж: Bugin.kz / Ғайнижамал Арыстанбек

2023 жылы Қазақстан бірқатар тұлғалардан айырылды. Мәдениет, спорт, саясат сынды салаларда еңбегі сіңген жандардың аты өшпесі анық. Осы ретте Bugin.kz порталы биыл өмірден өткен тұлғаларды еске алады.

Арман Дүйсенов  (04.05.1974- 24.01.2023) 

"Дос-Мұқасан" тобының әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, “Құрмет” ордені және “Ерен еңбегі үшін” медалінің иегері 49 жасында дүниеден өтті.

Фото: ашық дереккөз

Фото: ашық дереккөз

Серік Қалиев (16.08.1961-27.04.2023) 

Айтыс ақыны 1983-1995 жылдары облыстық, республикалық ақындар айтыстарына қатысып, жүлделі орындарды иеленген. 

Фото: ашық дереккөз

Фото: ашық дереккөз

Жасарал Қуанышәлин (07.04.1949- 18.05.2023)

Белгілі оппозиция жетекшісі, қазақ журналисі, қоғам және мемлекет қайраткері 74 жасында өмірден озды.

Фото: ашық дереккөз

Фото: ашық дереккөз

Бердібек Сапарбаев (09.02.1953-10.06.2023)

Экономика ғылымдарының докторы, профессор Бердібек Сапарбаев  Қызылорда, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл облыстарының әкімі болды. Сонымен қатар Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары лауазымын атқарды. 

Фото: ашық дереккөз

Фото: ашық дереккөз

Владимир Седов (02.03.1988- 26.06.2023)

Ауыр атлетші, 94 кг дейінгі салмақ дәрежесінде  Азия чемпионы (2009), Қазақстан чемпионы (2009), (2011), Азия чемпионатының күміс жүлдегері (2011) 35 жасында қайтыс болды.

Фото: ашық дереккөз

Фото: ашық дереккөз

Ляззат Бақтиярова (8 шілдеде өмірден өтті)

Дефлимпиада ойындарының қола жүлдегері Әлем чемпионатының, XXIV Жазғы Дефлимпиада ойындарының және Азия-Тынық мұхиты елдерінің бірінші ойындарының қола жүлдегері болды. 

Фото: ашық дереккөз

Фото: ашық дереккөз

Несіпбек Айтұлы (22.09.1950-16.10.2023)

Белгілі қазақ ақыны,  профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты 73 жасында өмірден озды.

Фото: ашық дереккөз

Фото: ашық дереккөз

Ақжол Мейірбеков (07.07.1950-25.11.2023)

Әнші, музыкант, “Дос-Мұқасан” ансамблінің солисі, “Құрмет” орденінің иегері және “Ерен еңбегі үшін” медалінің иегері атағының иегері 73 жасында қайтыс болды.

Фото: ашық дереккөз

Фото: ашық дереккөз

Марат Оразметов ( 07.03.1978-07.12.2023)

Белгілі әнші, актер “ҚР Ерен еңбегі үшін” медалінің иегері 45 жасында көз жұмды.

Фото: ашық дереккөз

Фото: ашық дереккөз

Асқар Наймантаев (17.06.1965- 02.12.2023) 

Белгілі сатирик, актер, режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері 58 жасында қайтыс болды.

Фото: ашық дереккөз

Фото: ашық дереккөз