ДАМУ

"Ойынқұмар, квартирант, кедей": Депутаттар Қазақстан халқын қалай көреді?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Bugin.kz/ Айгерім Әділханова

Биыл 19 наурызда Қазақстан Мәжіліс депутаттарының сайлауы өтті. Сайланған депутаттар 29 наурызда ант берді. Содан бері олар ел үмітін ақтай алды ма? Бұл туралы Bugin.kz тілшісі топтама дайындады.

"Ұлы дала квартиранттары"

Фото: parlam.kz

Фото: parlam.kz
Фото: parlam.kz

Сәуір айында Мәжілістің жалпы отырысында депутат Дәулет Мұқаев баспанаға қатысты мәселені айтты.

"Елімізде қолжетімді баспана ең өзекті мәселелердің бірі. Халқымыздың ұлы дала квартиранттары атанғаны да жанға батады. Анығын айтқанда, үйсіз-күйсіз жүрген қазақстандықтарды қолжетімді және сапалы баспанамен қамтамасыз ететін мемлекеттік бағдарламалар қолжетімді болмай отыр", - деген еді депутат Мұқаев.

Ол сөзін бағдарламалардың тиімсіз екенін әрі өзгерістердің қажет екеніне дәлел айтып түйіндеген еді.

Әр балаға 70 мың теңге жәрдемақы тағайындау

Қазақстан Халық партиясы

Қазақстан Халық партиясы
Қазақстан Халық партиясы

Мәжіліс депутаты Гауһар Танашева жалпы отырыста атаулы әлеуметтік көмек көпбалалы отбасылар үшін нақты көмек емес екенін айтты. Ол вице-премьер Алтай Көлгіновке жолдаған депутаттық сауалында АӘК-ті алып тастауды ұсынды. Орнына балалардың жәрдемақысын өсіру керегін айтқан.

"Біз ең төменгі жалақы мөлшерінде әр балаға айына 70 мың теңге мемлекеттік жәрдемақы тағайындауды қарастыруды ұсынамыз", - деді ол.

Бірақ оның ұсынысы қолдау тапқан жоқ.

Халықтың "шынайы жағдайы" қандай?

Фото: Ерлан Саировтың Facebook-тағы парақшасынан алынды

Фото: Ерлан Саировтың Facebook-тағы парақшасынан алынды
Фото: Ерлан Саировтың Facebook-тағы парақшасынан алынды

Депутат Ерлан Саиров тұрғындардың жағдайын, әл-ауқатын жалпы ішкі өніммен өлшеу орынсыз деп есептейтінін айтты.

Депутат халықтың табысы төмендегенін дүкендегі бағалардың қымбаттығымен байланыстырды. Сондықтан халықтың табысы төмендеп кеткен дейді. Ол бүгінгі индикаторларды өзгерту керегін айтқан.

"Сіздердің (Ұлттық экономика министрлігі – ред.) индикаторларыңыз дұрыс емес. Ішкі жалпы өнім Қазақстан хақының әл-ауқатының индикаторы бола алмайды. Негізгі индикатор – үй шаруашылықтарының табысы", - деді ол.

Энергетика министрін сынаған депутат

фото: facebook.com/edilzh

фото: facebook.com/edilzh
фото: facebook.com/edilzh

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Еділ Жаңбыршин Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевке жылумен қамтамасыз ету мәселесі бар қалаларды неге аралап жүрмейді деген сауал қойды.

"Президент барады, депутаттар барады, бірақ энергетика министрі не Екібастұзда, не Риддерде, не Теміртауда, не Кентауда, не Арқалықта, тіпті мына Астанадағы үшінші жылу электр орталығында болмаған. Сонда бұл қалай жұмыс істейді? Энергетика саласы кабинетте отырып жасайтын жұмыс емес. Ол аяқпен жүріп, қолмен ұстап көріп барып реттейтін мәселе", - дейді Жаңбыршин.

Құмар ойынның құрығына ілінгендер

Фото: Руслан Берденовтың жеке парақшасынан алынды

Фото: Руслан Берденовтың жеке парақшасынан алынды
Фото: Руслан Берденовтың жеке парақшасынан алынды

Мәжіліс депутаты Руслан Берденов елдегі құмар ойынның белең алуына қатысты мәселе көтерді.

"Жылдам байытуға азғыру, ең алдымен, аз қамтылған адамдар мен жастарды тартады. Осы проблема қайғылы жағдайға айналып отыр.  Бұл жастардың тағдырын бұзады, салдарынан олардың отбасылары зардап шегеді. Нәтижесі де белгілі. Қылмысқа алып келеді. Мәселен, Бас прокуратураның деректеріне сәйкес, 2022 жылы 157 мыңнан астам қылмыстық іс тіркелген. Соның 20 пайызы, яғни 31 мыңнан астамы – құмар ойындарға қатысты", - дейді Руслан Берденов. 

Берденов елімізде 350 мыңға жуық лудоман бар екенін айтқан. Онлайн құмар ойындарын жауып, тек кеңсеге барып, офлайн ойнайтындай жағдай болуын сұраған.

Қазақстанда ең төменгі айлық 300 мың теңге болуы керек