Bugin

Тоқаев балалардың жаңа жылдық хаттарына жауап берді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Ақорда

Дәстүр бойынша Жаңа жыл мерекесі алдында Республикамыздың барлық аймағында "Тілектер шыршасы" орнатылады. Сол шыршаға балалар өз тілегін жазады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Биыл аталған жоба аясында Мемлекет басшысының атына еліміздің әр өңірінен көптеген хат келіп түскен. Соның ішінде көп балалы отбасынан шыққан, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі және жетім балалардан 100-ден астам тілек жолданған.

"Бүлдіршіндер өз хаттарында велосипед, домбыра, компьютер, жазғы лагерьге жолдама және басқа да заттарды сыйлыққа алуды, тіпті Астанаға келіп, "Ақорда" резиденциясын аралап көруді сұраған.

Балалардың хаттарына жауап берген Президент оларды Жаңа жылмен құттықтады. Сондай-ақ бұл ертегідей ерекше мереке екенін атап өтіп, бүлдіршіндерге өз атынан арнайы сыйлықтар жіберді", - хабарламада.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы балаларды білімге құштар болуға, кітап оқуға, спортпен шұғылдануға, табиғатты аялауға және жақсылық жасауға шақырған.