Bugin

Атырауда соңғы бір тәулікте 30 сәби өмірге келді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Атырауда соңғы бір тәулікте 30 нәресте дүниеге келген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап. 

 Оның арасында бір егіз бар.

Атырау облыстық перинаталдық орталығы баспасөз қызметінің мәліметінше, былтыр облыстық перинаталдық орталықта 7 863 бала жарық дүние есігін ашты. Оның ішінде 301 егіз бар.
 

"Орталықта 31 желтоқсаннан 1 қаңтар күнгі сағат 09:00-ге дейін 30 сәбидің дүниеге келгені тіркелді. Жаңа туған нәрестелердің 14-і қыз болса, ал 16-ы – ұл", - делінген хабарламада.