Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: pavlodarnews.kz
Павлодар облысының Баянауыл ауданында Майқайың кенішінің оқпанының маңында жер опырылып құлады. Ішінде 4 жолаушысы бар автобус ойыққа құлап кетті. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды.
Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі:
Опырылған жердің тереңдігі – 150 метр, ұзындығы – 150-200 метр, ені – жарты шақырым . Құтқару жұмыстары жүргізілуде.
Автобус 4 қаңтар күні сағат 01:25 шамасында жер астына құлаған.Ведмоство:
"Апат кезінде автобуста 4 адам болды - РЖҚБ ПВАСС Павлодар филиалының үш құтқарушысы мен жүргізуші болған. Шахтадан 33 жұмысшы эвакуацияланды, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жоқ",- деп хабарлады.