ДАМУ

"Наразылық, тәртіпсіздік, террористер шабуылы": Қаңтар оқиғасы шетелдіктерге қалай айтылды?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: bugin.kz / Ғайнижамал Арыстанбек. Reuters және TACC агенттігінің суреттері қолданылды

Қаңтар оқиғасы кезінде бүкіл әлем Қазақстаннан ақпарат алуға тырысты. Дегенмен интернет өшірілгеніне байланысты көптеген деректер қолжетімсіз болды. BBC, Reuters секілді ақпарат агенттіктерінің тілшілері елімізге келді. Кейбір халықаралық агенттіктер қазақ журналистерінің материалын өз тіліне аударып жариялады. Шетелдік БАҚ еліміздегі жағдаят туралы қалай жазғанын Bugin.kz тілшісі қарап шықты. Бұл туралы арнайы материалды назарларыңызға ұсынамыз. 

The New York Times, АҚШ

Фото: kyrtag.kg

Фото: kyrtag.kg

 Басылым: "Қазақстанда сенбі күні үкіметке қарсы шерулерде жүзден астам адам тұтқынға алынды", - деп хабарлайды The New York Times."ҚазТАГ агенттігі ұсталғандар арасында бірнеше жасөспірім бар екенін хабарлады. Агенттіктің хабарлауынша, полиция қызметкерлерінің наразылық білдірушілерден сұхбат алмақ болған журналистерді қорқытқаны да айтылған. ҚазТАГ және басқа да БАҚ Алматыдағы наразылық аймағында интернет байланысы бұғатталған сияқты", - деп жазды.

Reuters агенттігі, Англия

РЕЙТЕР/Мария Гордеева

РЕЙТЕР/Мария Гордеева

Рейтер агенттігі Қаңтар оқиғасын “тәртіпсіздік” деп жазған. 225 адам қаза тапқанын жазды. Қаза тапқандардың арасында “қауіпсіздік күштері өлтірген бейбіт тұрғындар мен қарулы “бандиттер” бар екенін айтқан.  Прокуратураның қылмыстық қудалау басқармасының сол кездегі басшысы басшысы Серік Шалабаев брифингтегі сөзін жазған. Агенттік қаза тапқандардың ішінде қанша бибіт тұрғын болғаны туралы дерек берілмегенін жазған.

BBC, Англия

bbc.com

bbc.com

Қазақстанда билік үшін күреске байланысты зорлық-зомбылық көбейді деп хабар таратқан. BBC тілшісі Стив Розенберг елордадан  “Қазақстандағы зорлық-зомбылық билеуші ​​элитадағы билік үшін күреспен байланысты деген болжам бар”, деп хабарлады.

BBC  бастапқыда оқиға туралы «наразылық акциясы» деп жазған. Кейіннен «жаппай тәртіпсіздік» деген тіркеспен ақпарат таратқан.

Өзбекстан

VALERY SHARIFULIN/TASS

VALERY SHARIFULIN/TASS

Өзбекстанның kun.uz сайтында Қазақстандағы жағдай содырлардың шабуылы ретінде сипатталған. Ал davr24.uz сайты оқиға хронологиясымен жазып, оқиғаға “наразылық және тәртіпсіздік” деп баға берген. Оқиғаның бастауы ретінде 1 қаңтардағы сұйық газ бағасының қыбаттауын негіз ретінде көрсеткен.

Синьхуа, Қытай

Оқиға туралы мүлде ақпарат тартапаған.

The Washington Post, АҚШ

Абдуазиз Мадьяров / AFP / Getty Images

Абдуазиз Мадьяров / AFP / Getty Images

"Васшингтон пост" Назарбаевты ұзақ мерзім билікте отырған посткеңестік елдердегі президенттердің бірі ретінде атаған. Басылым Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бергі ең ауқымды наразылық шеруі деп бағалаған. Бірнеше материалды осы жайтқа арнаған басылым “ескертусіз оқ ату” бұйрығы берілгені туралы жазған.