Bugin

Жетісу облысында әскерге барғанына үш ай болған сарбаз қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Жетісу облысында әскерге аттанғанына үш ай болған сарбаз қаза тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Қорғаныс министрлігі жігіт кенет менингиттен көз жұмды деген ақпарат берген. Бірақ туыстары жігіттің ауырып қайтыс болғанына сенбейді.

2023 жылдың күзінде Әмір Байтұрғанов әскерге шақырылған. 

“Түнгі сағат 03:00-де әскери бөлімнен қоңырау шалынды. Олар сіздің ұлыңыз есін жия алмай, ес-түссіз жатыр деп хабарлады. Олар менің бөлімге дереу келуімді сұрады. Сол күні таңғы сағат 06:20-да ұлым есін білмей көз жұмды", – дейді марқұмның әкесі Мұрат Байтұрғанов.

Атыс дайындығы сабақтарынан кейін Әмірдің жағдайы нашарлай бастаған. Сол күні ол жоғары дене қызуымен ауруханаға түседі. 

"Кешке қарай науқастың жағдайы нашарлады. Дене қызуы экстремалды жағдайға дейін көтерілді. Осыдан кейін науқас орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. Сот-медициналық сараптаманың деректері бойынша өлімнің алдын ала себебі жедел инфекциялық ауру – менингит деп анықтама берілді", – деді Бас әскери-медициналық басқарма басшысының орынбасары Берік Ілиясов.

Алайда марқұмның туыстары балаларының менингиттен мерт болғанына сенбей отыр.