Bugin

Жынысы белгісіз нәрестелер дүниеге келді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Ресейдің Түмен облысында 2023 жылы жынысы белгісіз алты бала дүниеге келген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы сирек кездесетін мутацияға ұшыраған нәрестелерден ер мен әйел жынысын ажырата алмағандарын айтады. 

Түмен денсаулық сақтау басқармасы адамның сыртқы және ішкі жыныс мүшелерінің әйел немесе еркек жынысына сәйкес келмейтін мутациясы пайда болғаны туралы айтты. Алайда мамандар мұндай балалардың жынысын хирургиялық жолмен түзетуге болатынын айтты. Жынысты нақтылау үшін генетикалық зерттеу жүргізу қажет.

Облыста бұрын да жыныстық дамуында ауытқуы бар балалар дүниеге келген. Мәселен, басылымның мәліметінше, 2022 жылы осындай диагноз үш сәбиге, ал 2021 жылы екі нәрестеге қойылған.