Bugin

Талдықорғанда екі адамды өлтірген күдікті іздестіріліп жатыр

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: instagram.com/zhetysu.police

Талдықорғанда екі адамды айуандықпен өлтірді деген күдікті іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"Жетісу облысының полицейлері 1980 жылы туған Игорь Баланды іздестіріп жатыр. Ер адам ағымдағы жылдың 5 қаңтарында Талдықорған қаласында тіркелген аса ауыр қылмысты (кісі өлтіру) жасады деген күдікке ілінді", - деп хабарлады полиция.

Ерекшеліктері: мойынның сол жағында "шаян" түріндегі татуировкасы бар, бір қолында саусағы жоқ.

"Іздеуде тұрған адамның қайда екені туралы ақпарат білетін кез келген адамнан (8-7282) 60-80-66, (8-747-431-31-33, 8-778-654-) немесе "102"телефондары арқылы дереу полицияға хабарласуын сұраймыз, - делінген полиция хабарламасында.