Bugin

БҚО-да болған жантүршігерлік жол апатының видеосы тарады

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

БҚО-да болған жантүршігерлік жол апатының видеосы тарады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Видеода көліктердің бір-біріне қарама-қарсы үлкен жылдамдықпен келе жатқанын көруге болады. Видеоны мына сілтемеден көре аласыз https://t.me/buginkz_kz/5060.

Апат Орал – Атырау тасжолында болған. Жол апаты салдарынан 3 адам қаза тауып, 8 адам ауруханаға жеткізілген.

"Бәйтерек ауданы Янайкино ауылының маңында Chevrolet Nexia мен Toyota Ipsum көліктері соқтығысып, соның салдарынан екі жүргізуші мен бір жолаушы қаза тапты. Жол апатынан зардап шеккен сегіз адам ауруханаға жеткізілді", - делінген БҚО ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы "Жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.