Bugin

Ұлттық қордан әр балаға қанша ақша аударылады?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: depositphotos

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов әр балаға Ұлттық қордан қанша ақша аударылатыны туралы айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы kazinform.kz сайтына сілтеме жасап.

"Қазір қаржылық есептеулер жүріп жатыр. Жалпы, Қазақстанда 18 жасқа дейінгі балалар саны 7,2 миллионды құрайды, ал бірінші кезеңде төлем алатын 18 жастан асқан азаматтардың саны қазір 300 мыңға жуықтаған", - деді Ержан Біржанов Үкіметте өткен брифингте. 

Вице-министрдің айтуынша, қазір соңғы есептеулер жүргізіліліп жатыр.

"Осы айдың соңына дейін қорытынды шығару керек деп ойлаймын. 18 жастан асқан 300 мың адамға қаражат аударылады. Қаражат есептеледі. Жоба сомасы бар. Бірақ қателеспес үшін бұл туралы әзірге айта алмаймын", - деп ашық айтты вице-министр.