Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: ШҚО ПД баспасөз қызмет
"Өскемен-Семей" тасжолында екі автокөлік соқтығысып, салдарынан 2 адам көз жұмды деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға Өскемен – Семей тасжолының 23-шақырымында болған.
"9 қаңтарда сағат 15:25 шамасында Саратовка кенті маңында "Нива Шевроле" және "Тойота" маркалы екі көлік соқтығысқан. Апат салдарынан екі жолаушы алған дене жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды", - делінген ПД хабарламасында.
Абайсызда бірнеше адамның өліміне әкеп соққан көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.