Bugin

Көлік жылдамдығын асырған жастардың өмірінің соңғы сәті видеоға түсіп қалған (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Көлік жылдамдығын асырған жастардың өмірінің соңғы сәті видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Оқиға Қырғызстанның Баткен облысында болған. Көлікте екі жас жігіт болған. Видеоны мына сілтемеден көре аласыз https://t.me/buginkz_kz/5064

Жүргізуші Mercedes-Benz көлігін сағатына 240 шақырымға дейінгі жылдамдықта айдаған. Салдарынан жүргізуші тізгінге ие бола алмай, көлік аударылып, бірнеше метрге дейін домалаған.

"Жылдамдығы 240 шақырым. Жарысқа қатысамыз десеңіз, Баткенге келіңіз",-деген көлік жүргізушісі видеода.

Жол қозғалысы қауіпсіздігі бас басқармасының хабарлауынша, жүргізуші оқиға орнында қаза тапты. Ал видеоға түсірген жолаушы ауруханада көз жұмған.