Bugin

Ақтөбеде жалғызбасты әйел алаяқ күйеу жігіттің құрбаны болды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Ақтөбеде жалғызбасты әйел алаяқ күйеу жігіттің құрбаны болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

48 жастағы әйел "Одноклассник" қосымшасы арқылы АҚШ азаматы ретінде тіркелген адаммен танысқан. Ер адам әйелге бренд сағаттар, сөмкелер, бағалы сыйлықтар және 10 000 АҚШ доллары көлемінде қаражат жібергенін айтып, сендірген.

Ол сыйлықтарды алу үшін әйел кедендік алымды төлеу керек болған. Сол себепті әйел ер адамға 700 мың теңге аударған. Алаяқ ақшаны алған соң із-түссіз жоғалған.

Полиция департаменді алаяқтардың құрбаны болмау үшін барынша сауатты болуға, қарапайым ережелерді ескеруге шақырады.