Bugin

Алматыда екі ұлын аяусыз өлтірген әке туралы тың дерек шықты

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Алматыда екі ұлын аяусыз өлтірген әке туралы тың дерек шықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін, Алматыда ер адам балаларын аяусыз өлтіргені туралы хабарлаған едік. Оқиғаның қалай болғанын балалардың нағашы әжесі Татьяна Негрей айтып берген. 17 жыл отасып, бірге тұрған ерлі-зайыпты қызғаныштың салдарынан екі баласынан айырылды. Балалардың үлкені 12, кішісі 9 жаста болған. Екі жеткіншек Алматыдағы №32 мектепте білім алған.

Балалардың әкесі соңғы бір жылға жуық жұмыс істемеген. Әйелін аңдып, қызғанумен болған. Тіпті үйге бейнекамера да қойып тастаған. Шаңырақтың берекесі кетіп, ұрыс-керіс жиі болған көрінеді. Оны үй иелері де мойындап отыр.

"Ол үлкен баласын жақсы көрді, бірақ екіншісін ұнатпайтын. Басқа біреуден тапқансың дейтін. Сол үшін де жиі ұрыс-керіс болатын", - дейді балалардың нағашы әжесі.

Бұл факт бойынша Алмалы ауданының полиция басқармасы қылмыстық істі тергеп жатыр.