Bugin

"Мұрны сынып, беті көгерген": мас ер адам анасының күтушісін аяусыз соққыға жыққан

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: podrobno.uz

Медбике болып жұмыс істейтін әйел жұмыстан мұрны сынып, беті көгеріп оралған. Жәбірленушінің айтуынша, оны өзі бағып отырған әйелдің ұлы ұрған. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Podrobno.uz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Медбикенің әңгімесін блогер Ислам Капарцо жариялады. Елена Шавалиева науқас әжеге қамқорлық жасап жүрген. Қаңтардың жетісінде науқастың палатасына ұлы мас хәлде келеді. Ол бөлмеге кіре сала, медбикені себепсіз соққыға жыққан. Жәбірленуші полиция шақырып, жедел жәрдем мен учаскелік полиция қызметкерін шақырған. Жергілікті полиция қызметкері агрессорды полиция бөлімшесіне жеткізген, бірақ ол таңертең босатылған.

Жәбірленуші туыстарының айғақтарына сәйкес, ер адам медбикені бұрын да қорқытқан. Оның агрессивті қылығын учаскелік полиция қызметкері мен үй комитеті білген.

Ташкент қалалық ішкі істер басқармасы қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Жәбірленуші №16 қалалық аурухананың нейрохирургия бөлімінде жатыр. Ер адамның ұсталған-ұсталмағаны белгісіз.